Әлем чемпионы Карина Сисеноваға ауылдастары ат мінгізді
Жастар арасындағы аралас жекпе-жектен Әлем чемпионатында «алтын» алқа таққан батысқазақстандық Карина Сисеноваға ауылдастары ат мінгізді. 19 жастағы спортшы Әбу-Даби қаласында өткен ММА-ден әлем біріншілігінде ел намысын қорғап, жеңіспен оралды. Жалпы чемпионатқа елімізден 42 спортшы қатысып, 2 алтын, 4 күміс, 6 қола иеленді. Ел қоржынына түскен екі алтынның бірін жеңіп алған чемпионға жерлестері зор қошемет көрсетті. Карина Сисенова - аралас жекпе-жек, грэпплинг спортының бірнеше рет облыстық және ел біріншілігінің қос дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Жас спортшы енді жоғары оқу орнында білімін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдамақ.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04
Егін науқаны аяқталуға жақын
29.09.2026, 20:03