Түркістан облысында 15 адамды алдап, 20 млн теңге шығын келтірген бұрынғы банк қызметкері ұсталды. Ол Қазығұрт ауданындағы ауыл тұрғындарын зейнетке шығарып беремін деп алдап соққан. Алғашқыда бірінің дүкендегі қарызын өтеп, біріне ақша берген болып, сеніміне кірген. Ақыры құжаттарын қолға түсіріп, олардың атынан несиеге қымбат ұялы телефондар алып отырған.
Осындай алаяқтық жолмен 15 адамды құрығына түсірген. Ал арада бір айға жуық уақыт өткенде жәбірленушілерге банктен несиені төлеу жөніндегі хабарлама келе бастаған. Мұны түсінбеген тұрғындар полицияға арызданған. Тергеу барысында күдіктінің Шымкент қаласының тұрғыны екені және бұрын банктердің бірінде жұмыс істегені белгілі болды. Қазір аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды.