АҚШ әскерінің рейді кезінде «ДАИШ» лидері өзін-өзі жарып жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әскерінің рейді кезінде «ДАИШ» лидері өзін-өзі жарып жіберді

04.02.2022

Сирияда АҚШ әскерилері жүргізген рейд кезінде «ДАИШ» террористік тобының лидері мен оның отбасы мүшелері өз-өздерін жарып жіберді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді.

Айта кетейік, Әбу Ибрахим әл-Хашеми әл Құраиши қарулы топты 2019 жылдан бері басқарып келеді. Оған қарсы операциялар Атмех қаласында жүргізілді. Жарылыстың жойқын болғаны сонша, Құрайшилердің денесі бөлшектеніп, үш қабатты үйдің сыртына дейін шашылған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 45 жастағы лидерден бөлек тағы 13 адам өлген. Олардың төртеуі – әйел. Көз жұмғандардың арасында кәмелет жасына толмаған балалар да бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу