Пәкістанда ғибадатханадағы жарылыстан 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда ғибадатханадағы жарылыстан 18 адам қаза тапты

06.10.2017

Пәкістанның оңтүстік-батысында ғибадатханада жарылыс болып, 18 адам қаза тапты. 30-дан астамы жараланған. Жанкешті-лаңкес өзін-өзі храмға кіре берісте жарып жіберген. Оны тоқтатпақ болған полиция қызметкері де қаза тапты. Офицер шабуылшыны храмға кіргізбей, тағы көп адамды ажалдан алып қалды. Діни орында оқиға кезінде адам көп болған. Жарылысқа жауапты радикалдық «ДАИШ» ұйымы өз мойнына алды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу