Ирандық танкер жарылуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирандық танкер жарылуға жақын

08.01.2018

Қытайдың шығыс жағалауында ирандық мұнай танкері мен қытайлық жүк кемесі соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда,  32 адам жоғалып кеткен. Олар қаза тапты деген мәлімет бар.  Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, өртенген танкер жарылуға және батып кетуге жақын. Ізім-қайым кеткен адамдар сенбіден бері іздестіріліп жатыр. Олардың 30-ы - ирандық, екеуі – Бангладеш азаматтары. Құтқару операциясына апат болған аудандағы судың улы газдан ластануы мен лаулаған өрт кедергі жасап отыр. Панамада тіркелген танкер Ираннан Оңтүстік Кореяға кетіп бара жатып, Гонконгта тіркелген кемемен қақтығысты. Соңғысының бортында болған 21 қытайлық құтқарылды.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу