Ирандық танкер теңізге батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирандық танкер теңізге батып кетті

15.01.2018

Шығыс Қытай теңізінде бір аптадан астам уақыт бойы өртенген ирандық мұнай танкері ақыры суға батып кетті. Мұны жергілікті телекомпаниялар осыдан бірнеше сағат бұрын хабарлады.

Танкер қаңтардың 6-да қытайлық жүк кемесімен соқтығысқан-ды. Оның бортында 136 мың тонна мұнай болды. Сонымен қатар, 32 адам жоғалып кетті. Олардың 30-ы – ирандық, екеуі – Бангладеш азаматтары. Экипаж мүшелерінің барлығының қаза тапқанын ресми Тегеран растап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу