Бензинге акциз бағасы өсуі мүмкін
Елімізде бензинге акциз бағасы өсуі мүмкін. Энергетика министрлігі оны 14 теңгеге көтеруді жоспарлап отыр. Яғни өндірушілер жанармай литрі үшін мемлекетке 24 емес, 38 теңге төлеуі мүмкін.
Акциздің қымбаттауы тауар бағасының көтерілуіне де әсер ететіні белгілі. Бірақ жауапты министрлік бұл жолы жанармай құнының өсуіне жол бермейміз деп отыр. Ол үшін нарықтан делдалдарды алып тастау көзделіп отыр. Яғни жанармайды зауыттардан тікелей құю бекеттеріне жеткізу қолға алынбақ. Бұл қымбатшылыққа жол бермейді дейді министрлік өкілдері.
Айта кетейік, қазір жұрт көп тұтынатын Ай-92 -нің орташа бағасы 182, Ай-95-тікі 215 теңге. Ал газ бағасына әр өңірде 50-75 теңге дәлізінде шекті баға белгіленген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18