Батыс Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін 550 млн теңге бөлінеді
Батыс Қазақстанда көкөніс бағасын өсірмеу үшін әкімдік 550 млн теңге қаражат бөлмек. Аймақта картоп, сәбіз, орамжапырақ бағасы екі есеге қымбаттап кетті. Бұл тауарлардың дені шетелден әкелінген. Халыққа маңызды азық-түлік бағасын реттеп, сатып алу үшін тұрақтандыру қорынан 1,2 млрд теңге қаралған. Қазір мониторинг тобы қаладағы сауда орындарын аралап, саудагерлерге заң тетігін түсіндіріп жүр. Бағаны негізсіз көтергендерге бірінші ескерту беріледі, ал кейін қайталанса, айыппұл салынады.
Мейрам Хайыров, қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:
Қаламыздағы кейбір супермаркет тарапынан сауда үстемесі асқаны туралы ақпарат түскен болатын. Соған сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп, 4 супермаркетке ескерту ретінде әкімшілік шара қолданылды. Былтыр тек супермаркетпен жүргізсек, енді осы жылдан бастап барлық кәсіпкерлік субьектісін қамтуға тырысып жатырмыз, яғни үйдің жанындағы дүкендерге де қатысты.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24