Қазақстандық өнерпаздар Венецияда өтетін көрмеге қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнерпаздар Венецияда өтетін көрмеге қатысады

02.02.2022

Алматылық өнерпаздар Италиядағы ең беделді халықаралық көрмелердің біріне қатысады. «Венеция биенналесі» деп аталатын шарада алғаш рет Қазақстанның өз павильоны ашылмақ. 1895 жылдан бері өткізілетін жобада әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған суретшілер, жазушылар, актерлар мен өнерге жақын жандар өз туындыларын ұсынады .

Ал биыл Қазақстанның павильонын «Орта» арт-тобы таныстырмақ. Олар әйгілі қылқалам шебері, жазушы әрі декоратор - Сергей Калмыковтың шығармашылығы мен өміріне арналған инсталяция дайындап жатыр.

Меруерт Қалиева, Қазақстандық павильонның комиссары:

Көрме сәуірде басталып, 8 айға созылады. Ертең барлық қатысушының тізімі жарияланады. Былтыр шараға 90 ел қатысып, биенналені 550 000-нан астам адам тамашалаған. Тұңғыш рет өз павильонымыздың ашылуы - қазақстандық өнерді жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.


Хабарламаларға жазылу