Зарина Диас Вашингтондағы халықаралық турнирде бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Вашингтондағы халықаралық турнирде бақ сынайды

28.07.2014
Зарина Диас Вашингтондағы халықаралық турнирде бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас 28-ші шілде мен 3-ші тамыз аралығында Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зарина Диас биылғы Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шығып, сәтті өнер көрсетіп, әлемдік рейтингте 53-орынға дейін көтерілген болатын.

АҚШ-та өтетін теннис турнирінің жүлде қоры 250 мың доллар құрайды. Турнирге Люси Шафаржова, Екатерина Макарова, Ализе Корне, Слоан Стивенс, Светлана Кузнецова сынды атақты теннисшілер қатысады.

Бұл турнир 25-ші тамыз бен 8-ші қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтетін АҚШ-тың ашық чемпионатына дайындық болмақ.

Хабарламаларға жазылу