Алматыда «Ғұмырдария» балалар байқауы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ғұмырдария» балалар байқауы аяқталды

13.06.2015
Алматыда «Ғұмырдария» балалар байқауы аяқталды

Жас өнерпаздар байқауда әуелеген ән айтып, мың бұрала  би билеп, ұлттық аспаптарда ойнап, көпшілікті тәнті етті. Биыл бұл сайысқа 200-ге жуық өнерпаз қатысса, келесі жылы белсенділік танытатындар көбейе түспек.

Өйткені, осы жарыстан үздік шыққандар халықаралық конкурстарға қатысады. Айта кетейік, байқау жеңімпаздары 2015 жылдың шілде айында Қытай Халық Республикасында өтетін балалар байқауына қатысып, еліміздің атын шығаруға барын салмақ. 

 

Сәкен СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу