Аз қамтылған отбасыларға пәтер жалдағаны үшін мемлекет есебінен өтемақы төлеу мамырда басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аз қамтылған отбасыларға пәтер жалдағаны үшін мемлекет есебінен өтемақы төлеу мамырда басталады

31.01.2022

Құжаттар сол кезден бастап тек онлайн қабылданбақ. Отбасы банкінің хабарлауынша қазір жоба әлі әзірлік үстінде. Оған сай мұқтаждарға пәтерақысының жартысын төлеп беру көзделген. Қалған 50 пайызын жалға алушының өзі төлейді.

Бірақ баспана жалдау кезінде мына талапты ескеру керек. Отбасы мүшелерінің саны үш адамға дейінгі жанұя 40; ал бес адамға дейінгілер 60, алты және одан көп мүшесі бар отбасы 80 шаршы метрден үлкен үй жалдамаулары тиіс.

Оның үстіне төлем барлығына тағайындалмайды. Тек баспанаға мұқтаж ретінде үй кезегінде тұрған: көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған немесе толық емес жанұялар ғана жәрдемге үміт арта алады. Әрі отбасының табысы жан басына шаққанда 36 мың теңгеден аспауы керек.


Хабарламаларға жазылу