Францияның анимация мектебінде оқитын отандасымыз «Әуез ханның қырық ұлы» ертегісін әлемнің бірнеше тіліне аударды
Францияның анимация мектебінде оқитын отандасымыз «Әуез Ханның 40 ұлы» ертегісіне жан бітіріп, әлемнің бірнеше тіліне аударды. Қазақ әдебиетінің жауһары қалың көрерменге әлеуметтік желілер арқылы жол тартты.
Ағылшын, француз және орыс тілдерінде дыбысталған көркем дүниенің авторы - Доминика Қыдырбаева. Ол әлемнің үздік анимациялық мектептерінің бірінде 3-курста білім алады. Ертегі кейіпкерлерінің образдары ұлттық нақышта бейнелеген. Кадр сыртындағы аудармадан бөлек күмбірлеген күйдің үні естіледі. Өнерлі жасқа Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Франциядағы елшіліктері, сондай-ақ «Шығыс пен Батыс арасында көпір орнату» жобасының жетекшісі қолдау көрсеткен.
Доминика Қыдырбаева, студент:
Қазақ ертегілерінің француз тіліндегі аудармасына жаңаша сипат бердік. Жоба 4 айда бітеді деп ойладық. Бірақ 8 айға созылды. Өйткені француз тілінен бөлек, ағылшын және орыс тілдеріндегі аудио нұсқасын шығардық.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05