Инвесторлар адам капиталын ескеру керек - депутат
«Самұрық-Қазына» қорының тағдыры қыл үстінде тұр. Егер асығыс шешім қабылдаса, алып корпорация құрдымға кетеді. Ал депутаттар болса, қор қазірдің өзінде аңдамай қадам басып жатқанын айтып отыр. Бұдан бөлек мәжілісте жұмысшыға емес инвесторға жағдай жасалатыны, инфляцияны уақытша ғана тежейтіні және майнинг фермаларға әлі келмеген Үкіметтің жұмысы сыналды.
«Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатты састы. Президенттің қайта құру тапсырмасыннан кейін артық қыламыз деп тыртық қылуда. Негізі асығыс шешімдер қабылдамас бұрын қор қордаланған проблемаға неге батты? Соған талдау жүргізуі керек. Аманжан Жамалов алдымен активтерге ауқымды аудит жүргізіп, қауқарсыз компанияларды іріктеп алып, бәсекелестік ортаға берген дұрыс,-деп отыр. Ал, холдингтен халыққа үлес беру ұсыныстары ұтымды емес. Өйткені, өзінің берешегі 7 жарым трлн теңгеден асады. Демек 18 млрд доллар қарызы бар. Кредиторлар мұны кешірмейді. Олар кез келген уақытта пайыздық мөлшерлемені көтеріп, қарызды мерзімінен бұрын жабуды талап етуі мүмкін.
Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Азаматтар қордың үлесін иелену құқығын қандай форматта алса да, тиісті бағалау мен оның нәтижесін ашық жарияламаса, өздеріне не ұсынып отырғанын білмейді. Яғни бұл тұрғыда қос сұрақ бар. Нақты инвестициялық кіріс бола ма немесе қомақты қарызға батқан құрылымды көре ме? Егер осы сауалдарға нақты жауап берілмесе, онда әлеуетті инвесторлар тарапынна да түсінбестік туындайды.
Инвестор демекші, оларға да адам капиталын ескеру талабы қойылуы шарт. Бұл жаңа инвестициялық саясаттан тыс қалмауы тиіс. Өйткені, бұған дейінгі келісімдерде жұмыс орнының көптігіне мән беріліп, ал жұмысшының жағдайы есепке алынбай келді. Негізі экологияны сақтау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және ашық әрі тиімді басқару қағидатын 193 ел берік ұстанады. Біз ғана шетелдікке жайылып жастық, иіліп төсек боламыз.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Отандық компаниялар бұл міндеттерді ресми шарттарсыз-ақ орындайды. Ал, шетелдік инвесторлар туралы ештеңе айта алмаймыз. Жұмысшылардың әлеуметтік пакеті, қауіпсіз жұмыс орны болуы керек. Біліктіліктерін арттырып, дамуға мүмкіндік беруі қажет.
Бірақ, ораза, намаз – тоқтықта. Тапқан табысыңды тауар бағасы жұтып қойса, тағы жұтайсың. Сондықтан инфляцияға төтеп беру тәсілін қайта қарау керек. Қысқа, орта және ұзақ мерзімге бағдарланған қымбатшылыққа қарсы ұлттық стратегия болуы тиіс. Жүрдім-бардым қарағаннан қапы қалып отырмыз. Бағаны уақытша тұрақтандыру – толық жеңіс емес.
Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қарапайым адамдар үшін маңызды азық-түліктің бағасы 2 таңбалы санмен есептеледі. Сондықтан бағаның өсуін тежеуді тек тактикалық тұрғыдағы жеңіс деп санауға болады. 2022 жылдың басында Қазақстанда азық-түлік бағасы 0,2% -ға өсті. Өсімнің объективті себептері бар.
Иә, елде баға да өседі, жарық та жиі өшеді. Бірақ, құзырлы компаниялар бет бақтырмайды. Бүгінге дейін электр энергиясы артығымен бар деп келді. Криптавалюта өндіріліп еді өтіріктері ашылды. Ресми тек 70 кәсіпорын бар. Олар 700 мегаватт қуат тұтынады. Қалғандары заңсыз жұмыс істеп жатыр. 1400 мегаватт тоқ ұрланады. Бар гәп, майнингктік фермалардың ретсіз орналасуында. Яғни, электр энергиясының теңгерімі ескерілмеген. Мысалы, бір крипто өндіріс Түркістан облысының Шардара су электр станциясында ашылды. Майнерлер энергияға 11 теңге, ал, халық 15-тен 21 теңге төлейді. Қайткенмен, жаңа индустриядан қашып құтыла алмайсың. Олқылықтың бәрі құқықтық база қалыптастырмағаннан болып отыр.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жапонияда робот әскери жаттығуға қатысты
14.01.2026, 20:44
Алматы облысына 600 млрд теңге инвестиция тартылады
14.01.2026, 20:41
Мемлекеттік қызметтерді чат-бот арқылы алуға болады
14.01.2026, 20:38
Елімізде мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді
14.01.2026, 20:35
Алматыда көлік қозғалысы экологиялық талаптарға сай реттеледі
14.01.2026, 20:34
Елімізде соңғы 5 жылда жол апатынан 12 мың адам қаза тапқан
14.01.2026, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
14.01.2026, 20:28
Ирандағы шерулер кезінде қаза тапқандар саны 2600-ге жетті
14.01.2026, 20:23