Шығыс Қазақстанда мұз үстінде қалып қойған жылқылар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда мұз үстінде қалып қойған жылқылар құтқарылды

26.01.2022

Шығыс Қазақстанда тебіндеп жүріп Ертіс өзеніндегі аралда қалып қойған жылқылар құтқарылды. Олар мұзға су жайылғанда жағаға жете алмай қалған. Ұлан ауданының тұрғыны құтқарушыларды көмекке шақырған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үркіп, жағадан кері қашқан жылқыларды жағаға шығару үшін шөп жеткізген. Мал азығын тайғанақ мұздың үстіне шашып жүріп бірнеше жылқыны қауіпсіз жолмен жағаға шығарған. Қалғаны олардың артынан ерген. Осылайша 15 жылқы аман-есен құтқарылды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу