Қарағанды облысында жолда қалып қойған 55 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жолда қалып қойған 55 адам құтқарылды

30.11.2018

Қарағанды облысының Осакаров елді мекені маңында автобан бойында 49 жолаушысы бар автобус қар құрсауында қала жаздады. Олардың 27-сі оқушылар. Айтуларынша, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері мұражайын көруге бет алған. Mercedes маркалы автобус ауа райының күрт өзгеріп, жолдың жабылуына байланысты орта жолдан қайтарылды. Ал, барлық жолаушылар Осакаровтағы темір жол станциясына жеткізіліп, «Алматы-Астана» пойызымен үйлеріне қайтарылды. Барлығы да Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғындары. Сондай-ақ, осы күні түнде «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1120-шы шақырымында Hyundai маркалы микроавтобус сынып, 5 адам эвакуацияланған.

Жанна Дәуренбекова, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:

- 49 жолаушысы бар автобус тоқтатылды. Оның ішінде 27 бала болды. Олар Ақмола облысынан Абай ауданына экскурсияға келген болатын. Барлық жолаушылар жолай пойызбен Астана қаласына жіберілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ. Сонымен қатар, 2 авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді. Соның барысында 6 адам эвакуацияланды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу