Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына 100-ден астам жылқы суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына 100-ден астам жылқы суға батып кетті

06.12.2022

Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына қарасты Әлжан ауылында 107 бас жылқы суға батып кетті.

Мал 27 қараша күні жайылымнан жоғалып кеткен. Арада бірнеше тәулік өткенде жылқылар Барчи көлінен табылды. Кейбірі суға батып өлген. Ал аман қалғандарын тұрғындар көлден алып шыға алмаған. Ауылдық округ әкімінің хабарлауынша, арам өлген жануарлар 45 адамға тиесілі. Мамандар мұз қалыңдаған кезде ғана өлексе алынатынын жеткізді. Өйткені қазір айдынның үстімен техника жүре алмайды. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ.

Ал Шығыс Қазақстанда жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті. Машинист малдың рельс үстінде жүргенін байқғанымен, жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікті тоқтатып үлгермеген. Үй жануарларын қараусыз жіберген иесіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Эльмира Кәленова



Хабарламаларға жазылу