Қарағандыда есірткі жасырумен айналысқан 5 күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда есірткі жасырумен айналысқан 5 күдікті ұсталды

25.01.2022

Қарағандыда жедел алдын алу шаралары кезінде есірткі заттарын жасырумен айналысқан деген күдікпен 5 адам ұсталған. Олар синтетикалық және басқа да есірткі түрлерін полиэтиленге түйіп, сатып алушылармен келісілген жерлерге тығып отырған. Бұл әрекеттері күдіктілерден тәркіленген ұялы телефондардағы фото және смс хаттары негізінде дәлелденген. 18 қаңтарда Теміртауда 30 және 28 жастағы азаматтар ұсталған. Тінту кезінде олардан 11 ақ ұнтақ салынған түйіншек табылған. Араға үш күн салып Қарағандыда 20 және 18 жастағы теміртаулық екі жігіт қолға түсті. Олардан да есірткі заттары тәркіленді. Дәл сол күні патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы тағы бір күдіктіні қолға түсірді. Одан барлығы 40-қа жуық есірткі заттары алынған.

Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

Ұсталған күдіктілердің қылмыстық әрекеті олардан тәркіленген ұялы телефондардағы есірткі жасыру орнының суреттері және сатып алушылармен жазысқан хаттары арқылы дәлелденді. Полиция қызметкерлері есірткі заттарын жасыру, оны пайдаланумен тең екенін ескертіп, бұл қылмыстары үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу