24 қаңтардан бастап «Жасыл даму» АҚ утиль алымын қабылдай бастайды
Қаңтардың 24-нен бастап «Жасыл даму» утиль алым қабылдай бастайды. Қазір мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғам екінші деңгейлі банктерде шоттар ашып, төлем жүйелеріне өзгерістер енгізуде. Оған дейін жаңа утилизациялық алымның мөлшері де бекітіледі. Бұл жайында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «ӨКМ Операторының» қызметін тоқтату жөніндегі жұмыс тобының алғашқы онлайн отырысында айтылды. Министрліктің мәліметінше қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 21%-ға дейін артқан. Бүгінге дейін 264 мың тонна қаптама қалдық, 310 мың тонна автомобиль бөлшектерінің қалдығы жиналып, кәдеге жаратылған. Қазір жұмыс тобы утиль алымына қатысты мәселелерді жан-жақты зерделеуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жапонияда робот әскери жаттығуға қатысты
14.01.2026, 20:44
Алматы облысына 600 млрд теңге инвестиция тартылады
14.01.2026, 20:41
Мемлекеттік қызметтерді чат-бот арқылы алуға болады
14.01.2026, 20:38
Елімізде мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді
14.01.2026, 20:35
Алматыда көлік қозғалысы экологиялық талаптарға сай реттеледі
14.01.2026, 20:34
Елімізде соңғы 5 жылда жол апатынан 12 мың адам қаза тапқан
14.01.2026, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
14.01.2026, 20:28
Ирандағы шерулер кезінде қаза тапқандар саны 2600-ге жетті
14.01.2026, 20:23