«Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге аударылды

19.01.2022

«Қазақстан халқына» қорына 3 күнде 16 млрд теңге аударылды. Қайырымдылық жасағандардың 6 мыңнан астамы қарапайым тұрғындар. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев атындағы меншік қоры мен банктер, зауыттар да қаржы бөлген. Жалпы, елде 300-дей ірі кәсіпорын бар. Барлығы да ерікті түрде ақша аударуы мүмкін,-дейді қордың төрағасы. Болат Жәмішев жомарттық тек адал жолмен жасалуы қажет,-деп санайды.

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы:
Тек қана таза ақша түсу керек біздің қорға. Біз тексеріп тұрамыз. Кімнен, қандай ақша түсті? Өйткені, кәсіпорын түсінбейтін жағдайдан біздің қорға жіберсе біз ондай ақшаны қабылдай алмаймыз. Оны тексеріп отырамыз. 

Соңғы кезде түрлі ұжымдардың қорға бір күндік жалақы аударуы аса құпталмай отыр. Алайда, бұл жұмысшылардың таңдауы болса ешкім бөгет бола алмайды. Ал, «Қазақстан халқына» қорындағы жинақ мұқтаж адамдарға тікелей берілмейді. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы үлестіріледі. Қаражаттың қай қорға тапсырылатыны қамқоршылық кеңесінде шешіледі. Ал, түскен ақшаның көлемі, қайда және кімге жұмсалғаны арнайы порталда көрініс табады. Өтініштерді сол сайтқа жүктеуге мүмкіндік жасалмақ. Қазір ақпараттық жүйе жасалып жатыр.

Ләззат Шыңғысбаева, «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:
Серіктес қормен келісімшартқа міндетті түрде ортырып, сол қаражатты аударамыз. Бірақ, барлығы білуі керек. Аударылып жатқан қаражаттан қайырымдылық қорлар ешқандай өздерінің админстративный нәрселеріне жұмсалмайды. Жалақы болсын, аренда офиса болсын. Тек қана мұқтаж жанға ақша тікелей түсуі керек.


Хабарламаларға жазылу