Тонгада жанартаудың атқылауынан болған цунамиден 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тонгада жанартаудың атқылауынан болған цунамиден 3 адам қаза тапты

19.01.2022

Тонгада жанартаудың атқылауынан болған цунамиден 3 адам қаза тапты. Марқұмдардың біреуі - Британия азаматы. Табиғи апат аралға айтарлықтай зардап келтірді. Жанартаудан айналаға шашыраған күл тұрғындарға қажетті ауыз су мен басқа да көмекті жеткізуге кедергі болды. Тонганы интернет, телефон байланысымен қамтамасыз ететін суасты кабелін жөндеуге бір айдай уақыт қажет. Қазір шетел дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен аралда шектеулі интернет байланысы беріле бастаған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу