Тонга аралындағы жанартаудан шыққан күл халықаралық көмектің жетуіне кедергі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тонга аралындағы жанартаудан шыққан күл халықаралық көмектің жетуіне кедергі

18.01.2022

Жанартаудың атқылауынан жапа шеккен Тонгада жағдай оңала қойған жоқ. Отты таудан тараған күл айналаға шашыраған. Тозаң әуежайдың ұшу-қону жолағын басып, жергілікті халыққа қажет ауыз су және тағы басқа да көмекті жеткізу мүмкін болмай тұр. Аралды мемлекет сыртқы әлеммен байланысты толықтай үзді. Өткен сенбіде жанартау оянғанда көтерілген цунами елдің су астында жатқан байланыс желісін үзген. Цунами Тонгаға айтарлықтай зардап әкелді.

Дегенмен жапа шеккен адамдардың саны, келген шығынның көлемі әзірге белгісіз. Аралдағы жағдайды анықтау үшін Жаңа Зеландия мен Австралия барлау ұшақтарын жіберді. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу