Жаңа Зеландияда жанартау атқылауы кезінде 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда жанартау атқылауы кезінде 6 адам қаза тапты

13.12.2019
Жаңа Зеландияда жанартау атқылауы кезінде 6 адам қаза тапты

Жаңа Зеландия полициясының баспасөз қызметі Уайт-Айленд аралында болған жанартау атқылауынан алты адам қаза тапты деп мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта алты адамның денесі Wellington күзет кемесіне жеткізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бүгінде Жаңа Зеландия зардап шеккендер саны  17-ге жетті, оның 13-і ауыр жағдайда. Сонымен қатар, 11 адам Аустралияға жеткізілген.

Айта кетейік, жанартау атқылаған кезде маңында шамамен 100 адам болған. Жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15-те оянған. Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттік қазіргі уақытта жанартау қаупінің дәрежесін анықтап жатыр.

aif.ru


Хабарламаларға жазылу