Гватемалада «Фуего» жанартауы атқылап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гватемалада «Фуего» жанартауы атқылап жатыр

20.11.2018

Осыған орай, вулканға жақын орналасқан ауылдардың тұрғындары уақытша паналарға көшіп жатыр. Оларды эвакуациялауға әскери көліктер жіберілді. Жалпы алғанда, дүйсенбіден бері 4 мыңдай адам үйлерін тастап кеткен.

«Фуего» айналасына от пен күл, лава мен газ таратып жатыр. Одан жапа шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Маусымда осы жанартаудың атқылауынан 190-нан астам адам қаза тапқан еді.

Биіктігі 3700 метрден асатын «Фуего» Орталық Америкадағы ең белсенді вулкандардың бірі.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу