Гавананы Сахарадан жеткен тозаң басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавананы Сахарадан жеткен тозаң басты

07.10.2021

Кубаның бірқатар бөлігін Сахара шөлінен жеткен тозаң басып, көк аспанды қоңыр түске бояды. Мұның әсерінен ауа ластанған. Себебі, тозаңға Испаниядағы жанартаудың атқылауынан тараған күкірт ілескен екен. Ауа құрамындағы зиянды бөлшектер шамадан тыс көбейген. Куба билігі тұрғындарға үйде отыруға кеңес береді. Айта кетейік - жылдың осы мезгілінде Сахарадан ескен жылы желден тозаң көтеріліп, Атлант мұхиты арқылы Америкаға дейін жетеді. Дегенмен, одан әдетте зиянды қалдықтар тарамайтын. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу