Үкімет инфляцияны тежеу тетіктерін ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет инфляцияны тежеу тетіктерін ұсынды

18.01.2022

2025-жылға қарай еліміздегі инфляция деңгейі 3-4 пайыз деңгейінде болуы шарт. Мемлекет басшысы жуырда өткен Мәжіліс отырысында Үкіметтің алдына осындай міндет қойған. Бүгін Ұлттық экономика министрі бұл межеге жетудің жоспарын жариялады.

Ең әуелі, биыл қымбатшылықты болдырмау үшін көктемгі егіс жұмыстарына қаржыландыру ұлғайтылып, субсидиялау жұмысы жетілдірілмек.

Екіншіден, көмір мен коммуналдық қызметтердің бағасын реттеу жоспарланып отыр.

Үшіншіден, монополияға қарсы күрес күшейіп, мұнай өнімдері нарығындағы делдалдар қысқартылмақ. Былтыр қыркүйек айында ресми инфляция деңгейі 8,9 пайызға дейін жеткен. Желтоқсанда 8,4 пайыз болды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов бұл көрсеткіштің әлі де жоғары екенін айтып, шұғыл шараларды күшейтуді тапсырды. 

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

Бәсекелестікті қорғау агенттігі, монополияға қарсы шара қолдану және делдалдық шараларды тексеру бойынша жұмысты күшейту керек. Біз жауапсыз сатушылар мен алып-сатарларға бағаны негізсіз көтеру есебінен пайда табуға жол бермеуіміз қажет.


Хабарламаларға жазылу