Ресми деректерге сүйенсек Қазақстанда 9,4 млн еңбекке қабілетті азамат бар. Оның 500 мыңға жуығы жұмыссыз болып тіркелген. Жоғарыда атап өткен 9,4 млн-ның 90 пайызында несие тарихы бар екен. Соның ішінде 4,5 млн адамның банк алдында берешегі бар. Егер осы азаматтардың тұрақты табысы болмаса бұл әлеуметтік теңсіздіктің алғышартына айналады.
Елімізде 1 566 025 жеке кәсіпкер, 546 835 тәуелсіз жұмыскер тіркелген. Президенттің 11-қаңтарда жасаған мәслімдесінде басты назарға алынған топтың бірі - осылар. Үкіметпен бірлесіп «Атамекен» ҰКП-на 200 АЕК көлемінде берілетін қайтарымсыз грант мөлшерін 400 АЕК-ге дейін ұлғайтуды тапсырды мемлекет басшысы. 5 жылдың ішінде «Бастау Бизнес» жобасын 180 мың адам оқыған. Оның 60 мыңы өз жұмысын бастап кетті. Нәтижесінде бюджетке 2,5 млрд теңге салық төленген, 65 мың жаңа жұмыс орны ашылған.