Батыс Қазақстанда болған көлік апатында 10 адам қаза тапты

14.01.2022

Бүгін Орал-Атырау-Бейнеу тасжолында екі бірдей жантүршігерлік апат болып, 10 адам қаза тапты. Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауылы тұсында «Камаз» бен «Тойота Камри» жеңіл көлігі бетпе-бет соғылып, өртеніп кетті. Құтқарушылар жеңіл көліктен 5 адамның денесін шығарып алды. 

Ал Атырау облысының Құлсары-Бейнеу тас жолында «Honda Odessey» және «Ваз 2115» көліктері соғылып, 5 адам опат болды. «Ваз» көлігінің жүргізушісінде жүргізу куәлігі болмаған. Қазір екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

Хабарламаларға жазылу