Батыс Қазақстан облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты

09.03.2022

Батыс Қазақстан облысында жол көлік апаты болып, 54 жастағы жолаушы қаза тапты. Оқиға Ақжайық ауданындағы Томпақ ауылынан 10 шақырым жерде болған. Жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып, фурамен түйіскен. Соққының қатты болғаны соншалық, темір тұлпар жол жиегіне шығып қалған.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу