Көлік тізгіндеген 13 жастағы бала адам өліміне себепші болды

14.11.2019

Ақтауда 13 жастағы бала көлік жүргізіп, адам өліміне себепші болды. 3 көліктің соқтығысуы салдарынан болған жол апатында 39 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам ауыр дене жарақатын алды.

Полиция департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, апатқа ұшыраған көліктердің бірін кәмелет жасқа толмаған бала тізгіндеген. Жасөспірім ауыр жағдайда балалар ауруханасына жеткізілді.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу