БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды

11.06.2021

Батыс Қазақстанда Орал-Ақсай тасжолында полиция қызметкері қаза тапты. 28 жастағы азамат көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып кеткен. Тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер өмірін аман сақтап қала алмады. Көлікте болған екі жолаушы зардап шекпеген. Бұдан бұрын да Орал-Тасқала жолында 37 жастағы полиция қызметкері Мержан Бисенғалиев мерт болған еді. Қазір бұл жол апаттары бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу