БҰҰ: Әлем экономикасының өсімі 2022-2023 жылдары төмен болады

14.01.2022

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, 2022-2023 жылдары әлем экономикасының өсімі төмен болады. Оған коронавирус инфекциясының жаңа толқындары, еңбек нарығындағы созылмалы проблемалар мен инфляциялық қысымның күшеюі себепші болмақ.  

Ұйымның болжамынша, биыл ғаламдық өндіріс 4 пайызға артса, келесі жылы 3,5 пайызды төңіректемек.

Айта кетсек, былтыр тұтынушылық шығындардың көбеюі мен инвестициялардың артуы және сауда-саттықтың қайта қарқыну алуы нәтижесінде дүниежүзілік экономика 5,5 пайызға өскен еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу