Мемлекеттің алдағы 2 жылға жоспарланған шығыны 259,5 миллиард теңгеге қысқаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттің алдағы 2 жылға жоспарланған шығыны 259,5 миллиард теңгеге қысқаруы мүмкін

23.10.2014
Мемлекеттің алдағы 2 жылға жоспарланған шығыны 259,5 миллиард теңгеге қысқаруы мүмкін

Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының өсімі де баяулайды. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай деді.

2014 жылдың қорытындысында жалпы ішкі өнім 4,3 пайыз болуы мүмкін. Бұл бұған дейінгі болжамнан 1,7 пайызға төмен.

Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 6-8 пайыз шамасында сақталады.

Министрдің сөзінше, экономикалық өсімнің төмендеуіне мұнай өндіру, түсті металлургия өндірісі, сыртқы сауда айналымының бәсеңдеуі себеп болған.

 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу