«Төрлет, әз-Наурыз» жыр кеші өтті
Жақсылыққа жаршы болған Наурызнама мерекесі айдың соңғы күнінде де жалғасын тапты. Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен Әдебиетшілер үйінде «Төрлет, әз-Наурыз» атты жыр кеші өтті.
Кеш шымылдығын Алашқа танымал ақын Ғалым Жайлыбай ашты. Сондай-ақ, Оразақын Асқар, Темірхан Медетбек, Ұлықбек Есдәулет, Бауыржан Жақып, Маралтай Райымбекұлы сынды есімі елге танымал ақындар өлеңдерін оқыды.
Ақындарға Наурызнамаға арнаған бір өлеңі мен сиясы кеппеген жырын оқу шарты қойылды. Дәстүрді ұлықтаған өршіл өлеңдермен өрілген әдеби кеш жырсүйер қауымның жанын жадыратты.
Оразақын Асқар, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:
Наурызда жақсы тілек, бата айтылады. Сол Наурызға жазған бір өлеңімде:
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Ұмытылсын өкпе-наз,
Көңілде кір қалмасын.
Келері көп, өткені аз,
Жақсы тапсын жалғасын.
Дәурен ДАРИЯБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «Жасыл болашақ» эко саябағы ашылды
04.03.2026, 10:31
Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттің жаңа бағыты
04.03.2026, 10:26
Семейде ойын-сауық орталығы өртенді
04.03.2026, 10:10
Қостанайда өңірлік коалиция мүшелері медицина мамандарымен кездесті
04.03.2026, 10:08
Оралда жастар форумына 4 мың студент пен жас маман қатысты
04.03.2026, 10:08
ШҚО-да 13 адам қызылша жұқтырды
04.03.2026, 10:06
Енді алиментті өндіріп алу жеңілдейді
04.03.2026, 10:03
Трамп Испаниямен сауда қатынасын үзетінін мәлімдеді
04.03.2026, 10:02