Таразда зақым келген нысандар ақпан айының соңына дейін қалпына келтіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда зақым келген нысандар ақпан айының соңына дейін қалпына келтіріледі

12.01.2022

Таразда зақым келген нысандар ақпан айының соңына дейін қалпына келтіріледі. Ал қазір қалада қоғамдық көлік қозғалысы, шаһар тіршілігі қайта жанданып келеді. Бүлік кезінде өңір бюджетіне келген шығын көлемі 7,6 млрд теңгені құраған. Қазіргі уақытта мемлекеттік 6 ғимарат пен 4 кәсіпкерлік нысанды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 21 арнайы техника, 400-ге жуық жұмысшы тартылған. Автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Қоғамдық көлік 34 бағыт бойынша 222 автобус сағат таңғы 8-ден кешкі 9-ға дейін қатынауда. Қала тұрғындары күнделікті тіршілігіне кіріскен. Дегенмен, қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары жалғасуда. Аймақ бойынша блокбекеттер саны 33-ке көбйтілген. Оның ішінде Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 10 блокбекет бар. Барлық көліктер жіті тексерілуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылыс нысандарын аралап, жауаптыларға жұмысты дер кезінде бітіруді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу