Алматыда жер сілкінісінен кейін ондаған ғимараттың қабырғасына сызат түскен
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ондаған ғимараттың қабырғасы сөгіліп, жарықшақтар пайда болған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин мәлімдеді. Оның айтуынша, жер дүмпуінен кейін 188 тұрғыннан баспанасының зақымданғаны жөнінде хабар түскен. Оның 70-і көпқабатты үй. Жұмыс тобы бұл нысандарды жан-жақты сараптамадан өткізіп жатыр. «Апатты жағдайдағы немесе жөндеу жұмыстарын қажет ететін ғимараттар жайында ақпарат жақын арада беріледі», - деді әкім орынбасары. Әлеуметтік нысандар мемлекет қаржысына жөнделеді.
Асқар Амрин, қала әкімінің орынбасары:
8 жауапты мекеменің өкілдері қабырғасына сызат түскен нысандарды тексеріп шықты. Бұл жарықтар тұрғындардың өміріне қауіп төндірмейді. Өткен жылдан бастап 16 мың нысанға сейсмоаудит басталды. Оны Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты жүргізеді. Жарық, сызаттар ағымдағы жөндеумен қалпына келтіріледі. Әлеуметтік нысандар да ағымдағы жөндеу аясында қалпына келтіріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейге адыраспан апарғандар өмір бойғы жазаға кесілуі мүмкін
12.02.2026, 13:18
UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
12.02.2026, 13:15
Жаркент мешітіне келетін туристер көбейді
12.02.2026, 13:12
Қарағанды облысында 10 мектептің құрылысы аяқталған
12.02.2026, 13:09
Ресей халқының несие қарызы ₽1,65 триллионға жетті
12.02.2026, 13:06
Түркістан облысында алимент төлеушілердің мәселесі талқыланды
12.02.2026, 13:03
Жаңа Конституция жобасы: Әр бапқа жүзден аса ұсыныс түскен
12.02.2026, 13:00
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33