Қордайда қираған нысандар күзге дейін толық қалпына келтіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордайда қираған нысандар күзге дейін толық қалпына келтіріледі

29.05.2020

Қордайда қираған нысандар күзге дейін толық қалпына келтіріледі. Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев осылай деді. Зардап шеккен 39 отбасына 44 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, мыңға таяу отбасына 122 тонна азық-түлік таратылды. Жуырда құрылған «Шивон» қайырымдылық қорына демеушілер 104 млн теңге аударған. Қадағалаушы орган мамандары, тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңға жуық адамнан сұрау алған. Ақпан айының 7-8 күндері болған қайғылы оқиға кезінде 11 тұрғын қаза тауып, 100 ден астам адам түрлі жарақат алды. 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу