Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Астана» мешітіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Астана» мешітіне барды

05.06.2019

Ал қасиетті Ораза айтының алғашқы күнін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мешітке барудан бастады. Бүгін таң азанымен ол елордадағы «Нұр Астана» мешітіне арнайы келді. Мешіт жанындағы «Астана» медресе колледжіне барып, діни білім ордасының шәкірттерімен кездесті.

Студенттермен әңгімелесу кезінде Президент оқу барысын, жатын орындарының жайын сұрады. Оқу орнының жұмысымен жақынырақ танысқан ол материалдық-техникалық базаның жоғары деңгейде екенін айтты және мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу