Алматылық сарапшылар Президент тапсырмалары туралы пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық сарапшылар Президент тапсырмалары туралы пікір білдірді

11.02.2022

Жаңа Қазақстанның алдында тұрған басты міндеттің бірі – саналы, білімді және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі сапары кезінде де атап өтті. Тапсырманы жүзеге асыру үшін елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу жоспарланған. Бұл ретте көршілес елдің техникалық бағын бойынша тәжірибесін алу маңызды. Әрі отандық экономика саласын нығайтуда сапалы мамандар дайындау күн тәртібінде тұр. Алматылық сарапшылар Президент тапсырмалары туралы ой-тұжырымдарымен бөлісті.

Өмірәлі Жалаири, ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңес мүшесі:

Ресей әскери өндіріс болсын, басқа да салада озық ел ғой. Өзіміздің көршіміз. Бір одақта болған елміз. Сол себептен олар үлкен серпін береді. Ол үшін бізде зауыт, фабрикалар ашу керек.

Мақсат Сералы, экономист:

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан экономикасына Ресейден тартатын инвестиция саны көбейетіне сенім білдірді. Өндірісті дамыту үшін белгілі бір деңгейде күш керек. Ресей Қазақстанға инвестиция құю арқылы 8 жоба жүзеге асып жатыр. Қазақстан экономикасына септігін тигізіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу