Ресейдегі жетекші техникалық университеттердің филиалдары Қазақстанда ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі жетекші техникалық университеттердің филиалдары Қазақстанда ашылады

14.02.2022

Ресейдегі жетекші техникалық университеттердің филиалдары елімізде ашылады. Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде бас-аяғы 11 құжатқа қол қойылса, оның басым бөлігі – білім саласына бағытталды. Осылайша алысқа бармай-ақ елімізде техникалық мамандықтарды даярлауға мүмкіндік туады. Мұнымен қоса «Болашақ» бағдарламасына ресейлік уинверситеттер де қосылады. Демек, жастардың жан-жақты білім алуына бар жағдай жасалып жатыр. Бұл елдегі маман тапшылығы проблемасын түбегейлі реттеуге сеп дейді сарапшылар.

Жақсыбек Ақтілеу, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ арнайы жобалар басқармасының менеджері:

Президентіміздің бастамасымен Ресейдің жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу көзделіп жатыр. Бұл елімізде техникалық мамандарды дайындауға біліктілігін артытруға көмектесетін болады. Жалпы, біздегі энергетика, мұнай-газ саласында жоғары білікті мамандардың жетіспейтіні, шетелден шақыруға мәжбүр болатынымыз бар. Осы саланы дамытуға өзінің үлесін қосатын жоба болады деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу