АҚШ-та бір тәулікте 1,1 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та бір тәулікте 1,1 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталды

11.01.2022

АҚШ-та өткен тәулікте кемінде 1,13 миллион адамнан коронавирус анықталды. Бұл – әлемдік рекорд. Мұны бүгін «Рейтер» агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, қазір Құрама Штаттарда тәулігіне осы инфекциядан шамамен 1700-дей адам қаза табады. Және де елде «омикрион» штамы өршіп барады.

Жұқтырғандардың саны бұдан да көп болуы ғажап емес. Өйткені, штаттардың барлығы бірдей соңғы 24 сағатта ковидке шалдыққандар туралы мәлімет таратпаған.

Ауруханаларға 135 мыңнан астам адам түсті. Бұл – өткен жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты кейбір аймақтарда мектептер жабылып жатыр. Ал, Нью-Йоркте үш метро станциясы жұмысшыларының науқастануына байланысты қызметін тоқтатқан.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу