Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді

21.09.2020

Еуропаның көптеген елдерінде коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейіп келеді. Ұлыбританияда бір тәулікте 4,5 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды. Бұл – мамырдың 8-нен бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Ал Францияда соңғы 24 сағатта 13,5 мыңдай тұрғын қауіпті инфекция жұқтырған. 

Испания астанасы Мадридтің алты ауданы мен елдің жеті қаласы карантинге қайта жабылды. Ирландия астанасы Дублинде де соңғы екі аптада мыңдаған адамнан коронавирус табылып отыр. 

«Рейтер» агенттігінің дерегінше, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар бүгін 31 миллионнан асып, қайтыс болғандар 960 мыңға жақындап қалды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу