Әлия Бейсенованың монографиялық еңбегі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлия Бейсенованың монографиялық еңбегі таныстырылды

20.03.2014
Әлия Бейсенованың монографиялық еңбегі таныстырылды

Табиғи заңдылықты білмей экономиканы өркендету мүмкін емес. Инновациялық жаңалық ашу үшін табиғат қазба байлықтарын жіті игере отырып, өндірістің әлеуетін арттыруға мүмкіндік мол. Осы мәселені академик Әлия Бейсенова «Қазақстан географиясы» атты жаңа монографиялық еңбегіне енгізді.

 
14 облыстың экономикалық әлеуетін сипаттаған туындыны бүгін экономист ғалымдар назарына ұсынып, сүзгіден өткізді. 351 бетті қамтыған қомақты еңбекте халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін қажетті салалар егжей-тегжейлі қамтылған.
 
Әлия Бейсенова, академик:
Қазір Қазақстанның табиғат географиясы түгелімен дерлік экономиканы дамытуға, саяси жағдайды дамытуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан Абай атындағы университет ғылымдардың басын біріктіре отырып, жастарды нақтылы теориядан практикаға көшу мәселесін қарастырып отырмыз.  
 
 
Айгүл ЕРМАХАН
 

Хабарламаларға жазылу