Күлпаш Мырзамұратқызы: Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы ұлттық сипаттағы тұңғыш мемлекет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күлпаш Мырзамұратқызы: Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы ұлттық сипаттағы тұңғыш мемлекет

07.10.2015
Күлпаш Мырзамұратқызы: Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы ұлттық сипаттағы тұңғыш мемлекет

Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы ұлттық сипаттағы тұңғыш мемлекет.  Бұл туралы бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында қонақ болған тарихшы Күлпаш Мырзамұратқызы айтты.

«XV-XVI ғасырларда тарих сахнасына шыққан хандықтар болды. Мысалы, Астрахань хандығы, Қырым хандығы, Қазан хандығы, Ноғай ордасы. Олармен салыстырғанда Қазақ хандығының ғұмыры ұзақ болды», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол сұхбат барысында Қазақ хандығының тарихына байланысты жүргізілген зерттеулерге тоқталды.

«Қазақ хандығының тарихына байланысты тарихшылар іргелі ғылыми зерттеулер жүргізді. Атап айтатын болсақ, 2007 жылы Алматыдағы Тарих және этнология институты «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы: ерте және орта ғасырлар» атты монографиялық еңбек шығарды. Жақында ғана тарихшы Берекет Кәрібаевтің  «Қазақ хандығының құрылу тарихы» деген атпен монографиялық еңбегі шықты. Сондай-ақ, Қазақ хандарына қатысты Қытай, Иран, Ұлыбритания және  Еуропа елдерінің архивінен, мұражайынан өте құнды деректер келді. Мысалы, Қытайдан келген деректер 5 томды құрайды. Бүгінде бұл деректерді мектеп оқулықтарына енгізу қарастырылуда», - дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпан» бағдарламасынан тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу