Елордада Темірбек Жүргенов туралы туындының түрік тіліндегі тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Темірбек Жүргенов туралы туындының түрік тіліндегі тұсаукесері өтті

22.01.2024

«Комиссар Жүргенов». Дәл осындай атаумен елордада қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің өмір жолы баяндалған туындының түрік тіліндегі тұсаукесері өтті. Автор Бейбіт Қойшыбаев кітапта тұлғаның өскен ортасын суреттейді. Бұдан бөлек, шарада «Темірбек Жүргенов: триумф және трагедия» атты монографиялық еңбек таныстырылды. Жазушы Алмажан Өтеғалиева зерттеу жұмысында тұлғаның мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметін жан-жақты ашуды қалаған. Бүгінде кітап орыс тілінде жарық көрді. Оның көксегені сауатсыздықпен күресу, әліпбиді өзгертіп, қазақ тілін дамыту дейді шара ұйымдастырушылары.

Сәби Аңсат, Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы:

Былтырғы өткен 2023 жыл Түрксойдың шешімімен Темірбек Жүргенов жылы деп жарияланған болатын. Түрксой өзі қаржыландырып бүгінгі «Комиссар Жүргенов» романын түрік тілінде басып шығарып отыр, әрі өзбек тіліндегісін кейін басып шығарады. Бұл кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы 6 мың данамен шықты.3 мың данасын мәдениет министрлігінің тапсырмасымен шығарды. 3 мың данасын Жүргенов атындағы қоғамдық қорының тапсырмасымен шығарылды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу