«Наурыз-Көктем» атты кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз-Көктем» атты кеш өтті

20.03.2014
«Наурыз-Көктем» атты кеш өтті

Ұлттық мерекені ұлықтауға  еліміздің рухани-мәдени орда ұжымдары да кірісті. Бүгін «Астана Опера» театрының камералық залында  «Наурыз-Көктем» атты кеш өтті. Онда театрдың жетекші солистері мен камералық хор ұжымы  өнер көрсетті.

 
Кеште қазақтың халық әндері мен романстары, сондай-ақ, қазақ композиторларының операларынан үзінділер шырқалды. Концерт барысында еліміздің салт-дәстүрі де ұмыт қалған жоқ.
Театр саңлақтары қазақтың тойбастар, отау құру, бесікке бөлеу тәрізді салт-дәстүрлерінен көріністер қойды.
 
Ал, сахнаның ұлттық нақышта безендірілуі концерттің көркін қыздыра түсіп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу