«Махаббат шайыры» - Қыздар ордасында
12 наурыз күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қазақ поэзиясының дамуына үлесін қосып жүрген ақын, сазгер, драматург Исрайыл Сапарбайдың шығармашылығына арналған «Махаббат мәңгі ертегі» атты кездесу кеші болып өтті.
Кездесу шымылдығы ақын өмірі мен шығармашылығы жөніндегі деректі бейнебаянмен түрілді. Арнайы көктем мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған кеште ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, халық арасына кеңінен танымал сазгер әндерінен попурри орындалды.
Шараға Ербол Құдайбергенов, Есет Сәдуақасов, Сымбат Мұңатай, Ұлбосын Белғозиева сынды әншілер өнер көрсетті.
Кездесуге қатысушылар танымал ақынның қолтаңбасын алып, «101 түн» жыр жинағын және оның өз өлеңдері топтастырылған үн таспасын алып, риза көңілмен тарқасты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05