Ұлттық арна жаңажылдық тосынсый әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна жаңажылдық тосынсый әзірледі

30.12.2021

Жаңажылдық тосынсый. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы көрермендерге жыл сайынғы дәстүрлі мерекелік шоу әзірледі. Ертең кешкі сағат 9-дан бастап әсем ән мен әдемі әзіл, шытырман оқиғаларға құрылған жаңажылдық басты жоба эфирге шығады. Бағдарламадағы қызықтар туралы тілшіміз Қуан Нұрақын айтсын

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының жаңа жылдық басты жобасы бес сағатқа жалғасады. Музыкалық және кино бөлімнен тұратын шоудың сценарийі де бұрынғыдан өзгеше. Мерекелік кеште күтпеген қызықтар болып, көп құпияның сыры ашылады. Қойылым әзірлеген шығармашылық ұжым биыл да көрерменді таңғалдырмақ.

Ғалия Байбосынова, қоюшы режиссер:

Сценарий желісіне байланысты сахнаның қойылымдары, әртістердің әндері бір-бірімен ауысып, жаңа образда көретін боламыз әртістерді. Ол да біздің көрермендерге өте қызық болады деп ойлаймын. 

Шоуға телеарнамыздың жүргізушілерімен бірге, еліміздің танымал өнер жұлдыздары қатысады. Олар көңілді кештің көркін қыздырып, таңғажайып оқиғаларымен көрерменді қуантпақ.

Маржан Арапбаева, әнші:

Бар жақсылық бізде көп болсын. Жаңа жылда тек қана жаңа табыстарға, әдемі армандарымыздың орындалуына жете берейік деп тілегім келеді. Бүкіл Қазақстан жұртына разылығын алды. 

Айдар Тұрғанбек, әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі:

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Алла Тағала өмірлеріңізге береке берсін. Жылдан – жылға жете берейік. Елімізде тыныштық болсын. Бейбітшілік, тоқшылық болсын. 

Түсірілім тобы мерекелік «Жарылқа, жаңа жыл» шоуының оқиға желісін құпия ұстап отыр. Жобаны 31 желтоқсан 21:00-ден бастап Ұлттық арна эфирінен тамашалай аласыздар.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу