Павлодарда 78 отбасыға жаңа пәтердің кілті берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 78 отбасыға жаңа пәтердің кілті берілді

02.12.2016
Тұңғыш Президент күніне орай керекулік құрылысшылар тұрғындарға тосынсый әзірледі. Яғни, жыл соңында тапсырылады деп жоспарланған 9 қабатты үйді мерзімінен бұрын салып бітірді. Ал, бүгін 78 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Бұл - осы аймақтағы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша салынған 5-ші үй. Баспаналы болғандардың көбі бюджеттік мекеме қызметкерлері, көпбалалы отбасылар және Алюминстрой шағын ауданының тұрғындары.


Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу