«Qazaqstan» арнасы «Жәутеңдеп бала жүрмесін!» бейнероликтер топтамасын әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» арнасы «Жәутеңдеп бала жүрмесін!» бейнероликтер топтамасын әзірледі

26.02.2020

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Жәутеңдеп бала жүрмесін!» тақырыбымен бейнероликтер топтамасын әзірледі. Оның кейіпкерлері - еліміздегі Балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Жобада ата-ана қамқорлығына мұқтаж балалар туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Сонымен қатар балаларды қамқорлығына алғысы келетін жандар үшін орталық мекенжайлары мен арнайы телефон нөмірлері көрсетілген.

Мақсат - осы арқылы әр баланың толық отбасында тәрбиеленіп, ата-ананың аялы алақанын сезініп өсуіне ықпал ету.

Бейнероликтер топтамасы Ұлттық арна эфирінен күн сайын беріледі.

Хабарламаларға жазылу